«Білім беру ұйымдарындағы психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 29 сәуірдегі № 92 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2026 жылғы 11 қарашадағы № 324-НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Білім беру ұйымдарындағы психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 29 сәуірдегі № 92 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36047 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Білім беру ұйымдарындағы психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің жұмыс істеу қағидаларында:
19- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«19. Білім беру ұйымдарында педагогтер мен ППҚҚ мамандарының ЕБҚЕ балалармен (адамдармен) жеке, шағын топтық және топтық сабақтар өткізуі үшін ерекше білім беруді қажет ететін балаларды қолдау кабинеті (бұдан әрі - Қолдау кабинеті) көзделеді.
Қолдау кабинеті - арнайы жабдықталған кабинет, онда мынадай функционалдық аймақтар бөлінеді:
1) педагогтің оқу сабақтарын өткізуіне арналған аймақ;
2) жеке сабақтар өткізуге және арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуге арналған аймақ;
3) шағын топтық және топтық сабақтар өткізуге арналған аймақ;